Балабақша туралы мәлімет
Бөбекжай-бақша ғимараты бір қабатты,екі ғимаратты. Бөбекжай-бақша қуаттылығы 100 орындық, Бөбекжай-бақша 2017жылы ашылып ,қазіргі таңда 100баламен, 4 топ жұмыс жасайды. Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Бөбекжай-бақша 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 08.00-бастап 18.30 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Бөбекжай-бақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын бөлмесі, жатын, ыдыс жуатын, асхана, меңгеруші, әдіскер бөлмесі, медицина бөлмесі мен қойма бар.
Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі 2 ғимараттың қазандықтары табиғи газ отынымен жылытылады. Су, электр, жұйесі орталықтандырылған. Бөбекжай-балабақша өрт, дабыл қондырғылары және бейне бақылау камераларымен жабдықталған. Бөбекжай-балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал - сайман жабдықтармен жабдықталған.
Бөбекжай-бақшада ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, балалар ойнайтын құралдар, көлеңкелі қоршау (беседка) орындығымен, гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған.